Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша
2021 жылға арналған есеп
1. Жалпы ережелер
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
2021 жылы 91 қызметті көрсетті;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 4;
электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 53;
қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 34.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, ұйымда ақпараттық стенд мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 3 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
2022 жылы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
Мектеп директоры Сагинаев А.Т.
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Рақымжан Қошқарбаев ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясындағы қызмет туралы есебін көпшілік талқылауды өткізу қорытындысы
1. Көпшілік талқылауды өткізу күні: 2022 жылғы 1 наурыздан – 30 наурыз аралығында.
2. Көпшілік талқылауды өткізу әдісі: «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Рақымжан Қошқарбаев ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ сайтында http://sh-koskarbaeva-celinograd-akmol.edu.kz.
3. Көпшілік талқылау өткізі туралы хабарландыру әдісі: 222 жылғы 8 сәуірде «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Рақымжан Қошқарбаев ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ сайтында http://sh-koskarbaeva-celinograd-akmol.edu.kz. ақпаратты орналастыру.
4. Көпшілік талқылау қатысушыларының ұсыныстары және (немесе) ескертулер тізімі: «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Рақымжан Қошқарбаев ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ көпшілік тақылау бойынша өткізілген іс-шаралар нәтижесінде қатысушылардың ұсыныстары және (немесе) ескертулері, сондай-ақ ресми интернет-ресурсында келіп түспеді.
№ р/р |
Ұсыныстар және (немесе) ескертулер енгізілген ұйым атауы, жеке тұлғаның аты-жөні |
Көпшілік талқылау аясында келіп түскен ұсыныстар және (немесе) ескертулердің қысқаша мазмұны |
Ұсыныстар және (немесе) ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәлімет |
Ұсыныстар және (немесе) ескертулерді қабылдау не қабылдамау бойынша негіздер |
Ескерту |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
Мектеп директоры Сагинаев А.Т.