Мектептегі тамақтану
Ақмола облысы Р.Қошқарбаев ауылы №43 орта мектеп асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету қыркүйек айынан бастап жүргізіледі. Мектеп асханасында 290 оқушы тамақтануда. Оқушылардың тамақтануына барлық жағдайлар жасалып, 60 орындық, 6 столмен жабдықталған.
2018-2019 оқу жылының басында арнайы құрылған «Бракераждық комиссия мүшелері» жұмыс жоспар бойынша оқушылардың дұрыс тамақтануы, тағам сапасы, ыдыстардың қолданылуы, өнімдердің сақталуы сияқты жұмыстарды қадағалап отырады.
2018 жылдың 10 желтоқсанында асхана тағам сапасы, ыдыстардың қолданылуы, өнімдердің сақталуына тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеріс нәтижесі бойынша акт жазылып, ескертулер айтылды.
Мектебімізде аз қамтылған отбасындағы оқушылар санатында 6 оқушы тегін тамақтанады ал қалған оқушылардың тамақтануы ата-анасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Барлық сынып жетекшілері оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.
Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын ғимарат жиналып, сенбі күндері санитарлық күн болады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады, жұмыскерлермен тұрақты түрде ҚТ бойынша нұсқамалар жүргізіледі.