«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Рақымжан Қошқарбаев ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Рахымжана Кошкарбаева  отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желідеміз

   - Instagram

   - Facebook

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.02.2017

Қазақ

Тәуелсіздігіне – 25 жыл

 

 2016 жылдың  үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тауелсіздігінің 25 жылдығы.

Айтулы мереке қарсаңында  аудан көлемінде жоспарланған шаралардың бірі мектебімізде «Ғылым және жаңа технология» тақырыбында  өтті . Бұл шараға аудандық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрағасы  Қ.С.Сатыбалдин, «Целиноград аудандық Жастар Ресурстық Орталығының» бас маманы Қ.С. Сағынбаев. ауылдық округтің әкімі Т.Б. Мукушев  және ұстаздар мен ата – аналар қатысты. Мерекелік шараны мектеп директоры Сагинаев А . Т. ашып, қонақтарға құттықтау сөз берді.

Іс – шараның негізгі бөлімінде география пәнінің мұғалімі  Б.С.Усенова мен  тарих пәнінің мұғалімі Б.А. Жусупова   « Ғылым және жаңа технология» тақырыбы бойынша баяндамалар жасады.

Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып , оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді.  Яғни, педагогикалық технология ұғымы іс –әрекетімізге  кеңінен еніп, қолданылуда.

Қазіргі таңда жаңа технологияны тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп  отырған бұл Кембридж бағдарламасы . Осы курстың 3- деңгейін оқып келген Б.С. Усенова өз баяндамасында жаңа әдіс – тәсілдерді жаңа форматта  жоспарлап , жаңа технологияларды тиімді пайдаланған сабақтарының үлгісін  интербелсенді тақта арқылы көрсетіп , іс –

тәжірбиесімен бөлісті.

Ал  Б.А.Жусупова  қазіргі таңда Қазақстанда 5 бағыт бойынша дамып келе жатқан  ғылым саласының

жетістіктері мен Қазақстан Республикасы саясатының негізгі діңгегі болып табылатын - «Білім – ғылым – инновация» үштігі  туралы және ел Президентінің ұсынысымен ашылған ұлттық ғылыми зертханалар  жұмыстары  жайлы баяндады. Сонымен қатар білім мен ғылымды ұштастырған, білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы   Елбасымыздың қолдауымен ашылған, әлемдік стандартқа сай  Назарбаев Университетінің  3 деңгейлік ғылыми орталығының  жетістіктері туралы баяндады.Біршама халықаралық  жобалардың арқасында жастардың жыл сайын ғылымға деген құлшынысын арттырып отырған «Болашақ» бағдарламасы жайлы да айтып өтті.

Ал мерекелік шараның  келесі бөлімі тәрбие ісінің меңгерушісі Ж.Н.Елеукенова  мен аға тәлімгер Г.А.Бажиева  ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты.

Мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы қатысқан көңілді концерт көптің көңілінен

шықты. Қорытынды сөз алған Қ.С.Сатыбалдин  аудан әкімі М.С.Тәткеевтің  Алғыс хатын  мектептің мұғалімдері Ф.Н.Бақтыбаеваға, Г.Б.Киргизбаеваға,, В.Ф.Мофаға, С.А.Кузнецовқа, К.И.Игисиновке табыс етіп,

аудандық білім бөлімінің атынан мектеп ұжымына  сыйлығын тапсырды.

 

                                                                    

С.С.Сулекешова

                

                                 оқу

ісінің меңгерушісі

  Р.Қошқарбаев

ауылы

Просмотров: 425

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст