Целиноград ауданы
Р.Қошқарбаев ауылының №43 орта мектебінде өткен аудандық семинар бойынша есеп.
Мектебімізде 2018 жылдың 28 ақпан күні Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында "Өрле
Қазақстан!" балалар мен жастар оркестрі мен ансамблінің шеруі өтті.
Шеру мақсаты: рухани жаңғыруды сипаттау
және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Ұлттық
салт - дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетімізді, жалпы ұлттық
рухты насихаттау.
Шеруге ауданымыздың бір бағыттағы он мектеп қатысты. Әр
мектептің оқушылары би ансамблі мен домбыра
оркестрлерімен өз өнерлерін көрсетті.
Семинарға Мәншүк орта мектебі, Қосшы №1 орта мектебі,
Красноярка орта мектебі, Тайтөбе орта мектебі, Қабанбай орта мектебі, Қызыл жар
орта мектебі, Шалқар орта мектебі, Шнет негізгі мектеп, Р.Қошқарбаев ауылы №43
орта мектеп оқушылары әншілік,
бишілік, сазгерлік, ақындық қасиеті тоғысқан сегіз қырлы, бір сырлы «өнерлі» оқушылардың өнері көрермендердің
ыстық ықыласына бөленді.
Өнер көрсеткен
барлық оркестр, ансамбль жетекшілері аудандық білім бөлімінің мақтау
грамоталарымен марапатталды.
ДТЖ орынбасары - Елеукенова Ж.Н.