Текст
17.04.2023
Мектебімізде наурыз мерекесіне орай 5-6 “А,Б”сынып оқушылары арасында жәрмеңке ұйымдастырылды.
17.04.2023
Ата-аналар мен оқушылар арасында ашық тәрбие сағаты
17.04.2023
Мектебімізде “ 8 наурыз Халықаралық аналар,әйел-қыздар” күніне орай 1-4 “А,Б” сынып оқушылары арасында “Адамзаттың асылы- Ана” тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Оқушыларға жүлделі орындар беріліп, мадақтамалармен марапатталды.
17.04.2023
«Мектепке алып келуге тыйым салынған заттар” 2023 жылдың 23 ақпан күні Р.Қошқарбаев ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде “мектепке алып келуге тыйым салынған заттар” тақырыбында ата-аналармен, оқушылармен, мектеп қызметкерлерімен, мектеп мұғалімдерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ақпарат бұрышы жасалып, мектеп кіреберісіне ілінді.
17.04.2023
"Р.Қошқарбаев ауылының ЖОББМ" КММ 7-9 "А" сынып оқушыларының арасында "Жасқыран" дебат клубының ұйымдастыруымен БП "Бала құқығы қорғалады" деп есептейді және БП "Интернет кітапты алмастырады" деп есептейді деген тақырыптарда дебат сайысы өтті. Оқушылар тақырыптарды аша білді, қызығушылық танытып, белсенді қатысты. Жеңген топтар грамотамен марапатталды. Ерекше сөйлеу қабілетімен көзге түскен оқушылар " Үздік спикер " номинациясы бойынша грамотамен марапатталды. Өткізген тарих пәнінің мұғалімі, дебат жетекшісі Жургембаева М.Қ.
09.02.2023
"Жарқын болашақ иесі - бүгінгі жас маман" атты жас мұғалімдер арасындағы онкүндіктің ашылуы. 08.02 - 21.02.2023 ж.
08.02.2023
Есепті жария талқылауды өткізу туралы хабарландыру
Мектептің ресми интернет-ресурсында –http://sc0021.celinograd.aqmoedu.kz "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде 2023 жылғы 7 ақпаннан бастап 2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп орналастырылатын болады. 2023 жылғы 30 наурызға дейінгі мерзімде жария...
05.12.2022
1 желтоқсан спидке қарсы күн тәрбие сағаты (Бүкіл әлемдік СПИД - ке қарсы күрес күні) Адамзатқа төнген қауіпті дерт Сабақтың мақсаты Оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД - тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана - сезімдерін дамыта түсу. Оқушыларға СПИД ауруының адам өмірі үшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндіру. Оқушыларды ЖИТС (жүре п. б. иммундық тапшылық синдромы) немесе ЖЖБАдан сақтану әдістерін үйрету, төтенше жағдай кезінде дұрыс шешім қабылдай білу қабілеттілігін дамытатын қажетті білім, білік, дағды /ББД/ қалыптастыру. Өткізген мектеп медбикесі Сулейменова Г.Х. және мектеп психологы Сарыева П.А.
05.12.2022
Р.Қошқарбаев ауылының ЖОББ мектебінде 7-11 сыныптар аралығында "Жас қыран" дебат клубының ұйымдастыруымен БП "ҰБТ жүйесі қажет" деп есептейді және БП "Мектеп формасы қажет" деп есептейді деген тақырыптарда дебат өтті. Оқушылар белсенді қатысты. Соңында жеңген топтар грамотамен марапатталды. Дебат жетекшісі: Жургембаева М.К
05.12.2022
Бастауыш сыныптарының онкүндігі аясында өткізілген 2 "А" сыныбының "Менің бос уақытым" тақырыбындағы ашық сабағы. Сынып жетекшісі: Апитова Р.Қ.