Текст
15.11.2022
"Балауса балғын-таланттар!" балалар жылына арналған "Ақмола жұлдыздары" аудандық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауына белсене қатысып, өнер көрсеткені үшін "Р. Қошқарбаев ауылының ЖОББ мектебінің 3 "А" сынып қыздарынан құралған "Кербез" би тобы марапатталды.
15.11.2022
"Балауса балғын-таланттар!" балалар жылына арналған "Ақмола жұлдыздары" аудандық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауына белсене қатысып, үздік өнер көрсеткені үшін "Р. Қошқарбаев ауылы ЖОББ мектебінің" 9 "А" сынып қыздарынан құралған "Гүлдер" би тобы “ ЛАУРЕАТ” атағын алып, облыстық байқауға жолдама алды.
15.11.2022
Ата-аналар назарына!!!
27.09.2022
Биылғы 2022-2023 оқу жылының басында Целиноград аудандандық білім бөлімінің көмегімен мектебіміздің 9 оқу кабинеті жаңа парталармен жабдықталды.Оқушылардың білім алу мен тәрбиеленуіне қолайлы жағдай жасап материалдық көмек көрсеткені үшін аудандық білім бөліміне алғыс білдіреміз‼️
27.09.2022
Мектебімізде денсаулық күніне орай “Денсаулық-зор байлық” атты спорттық іс-шара өтті
27.09.2022
Қызылжар ауылының мектебінде “Тіл мәртебесі-ел мәртебесі” атты аудандық іріктеу дебат турнирі өтті. Мектебіміздің 11”А” сынып оқушысы Шығысханұлы Нұрасыл “Үздік спикер” атанып марапатталды
27.09.2022
Мектебімізде 5-16 қыркүйек аралығында өтетін Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы аясында, Қазақстан халқының тілдер күні “Тіл-ұлттың тірегі” атты онкүндік мерекесінің іс-шара жоспары таныстырылып онкүндіктің ашылуы өткізілді #ахметбайтұрсынұлы150жыл17мектеп #ахметбайтұрсынұлы #ахметбайтұрсынұлы150жыл
05.08.2022
"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ-ШЕКАРАСЫЗ ЖАҚСЫЛЫҚ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ! Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 20 шілдедегі №6-15-2/3135-И хаты негізінде 2022 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек күндері аралығында «Мектепке жол» Республикалық акция өтетінін хабарлайды. Ағымдағы жылы бұл әлеуметтік бағытталған министрліктің бастамасы "Мектепке жол-шекарасыз жақсылық" ұранымен өткізіледі. Аталмыш шараның мақсаты: балалардың жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын –алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету. Балалар - біздің болашағымыз. Сондықтан, «Мектепке жол» акциясына үкіметтік емес ұйымдарды, кәсіпкерлерді және мемлекеттік органдарды, аудан халқын акцияға белсене қатысуға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына қолдау көрсетуге шақырамыз. «Мектепке жол» республикалық акциясы бойынша сұрақтарыңыз болса Р.Қошқарбаев ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің төменде көрсетілген телефон нөміріне хабарлассаңыздар болады. Тел.: 87074796603
03.08.2022
"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ-ШЕКАРАСЫЗ ЖАҚСЫЛЫҚ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ! Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 20 шілдедегі №6-15-2/3135-И хаты негізінде 2022 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек күндері аралығында «Мектепке жол» Республикалық акция өтетінін хабарлайды. Ағымдағы жылы бұл әлеуметтік бағытталған министрліктің бастамасы "Мектепке жол-шекарасыз жақсылық" ұранымен өткізіледі. Аталмыш шараның мақсаты: балалардың жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын –алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету. Балалар - біздің болашағымыз. Сондықтан, «Мектепке жол» акциясына үкіметтік емес ұйымдарды, кәсіпкерлерді және мемлекеттік органдарды, аудан халқын акцияға белсене қатысуға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына қолдау көрсетуге шақырамыз. «Мектепке жол» республикалық акциясы бойынша сұрақтарыңыз болса Р.Қошқарбаев ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарлассаңыздар болады. Тел.: 87074796603
15.06.2022
«Тіл әлемі» порталы тілдің әлеуметтік, қоғамдық құбылыс ретіндегі қызметін мейлінше толық қамтиды. Порталдың мазмұны қоғамдағы тілдік сұраныстарға орай 1)Тұғыр; 2)Ақпарат; 3)Әдіс; 4)Тіл райы; 5)Тарту; 6)Толғаныс; 7) Орта тақырыбындағы 7 блокқа топтастырылды.