Целиноград ауданы
Р. Қошқарбаев ауылы
№43 орта мектебі
"Адал Ұрпақ" ерікті
мектеп клубының 2017-2018 оқу жылының жоспары бойынша атқарған іс-шараларына
хабарлама
Мектебіміздіе 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы ашылды. Алға қойған мақсат – рухани адамгершілік және азаматтық - патриоттық тәрбиелеу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру.
Міндеті:
Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы келесідей 3 секциядан тұрады:
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім;
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық;
3. Мәдени көпшілік іс-шаралар;
Осының шеңберінде арнайы шара ұйымдастырылып, клуб құрамына жас шәкірттер қабылданды. «100 нақты қадам - Ұлт жоспары». Бағдарламасының 13-ші қадамы жемқорлықпен күресті күшейтуді көздейді. Бұл бағыт өскелең
ұрпақтың бойына ізгі қасиеттерді қалыптастырмақ.
Жоғарыда айтылған мақсат-міндеттерге жету үшін мектебімізді келесі іс-шаралар жүргізілді.
Ақпараттық стенд жасалып, "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының мүшелерінің құрамына: 9-11 сынып оқушылары
алынды. Үміткерлерді клуб басшылығына сайлау барысында клуб жұмысының мақсат-міндеттері түсіндіріліп, жүйелі жоспар жасалды. Сонымен қатар, 4 сыныпта "Адал болу адамға не үшін қажет?" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
«Біздің таңдауымыз – заңды мемлекет» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарын, сондай-ақ біздің елімізде оның қалыптасу ерекшеліктері талқыланды. Жиында оқушылар өз ойларын ортаға салды.
Рухани–адамгершілік және азаматтық–патриоттық тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп
ортасында қалыптастыру мақсатында мектебімізде «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» оқушылар арасындағы сурет байқау көрмесі өткізілді. Бұл әрине, бүгінгі буынның келешегі кемел болуына жасалған нақты қадамның-сәтті бастамасы.