«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Рақымжан Қошқарбаев ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Рахымжана Кошкарбаева  отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желідеміз

   - Instagram

   - Facebook

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

09.06.2017

«Мәңгілік тағзым ерлікке!»

Мектеп оқушыларына Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру – мектептің алға қойған мақсаттарының бірі.

Қазақ халқының тарихын білу, сақтау және оны дамыту, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру мақсатында Р.Қошқарбаев ауылы № 43 орта мектебінде  көптеп іс-шаралар жүргізіледі. Сол іс-шаралардың жалғасы болған биылғы жылдың 5 мамырында өткен ғылыми экспедиция болды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» атты мақаласында атап көрсетілген «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған «Батырлар туған бақ мекен» атты инновациялық жлба аясында Ақмола облысы мәдениет басқармасы Мәлік Ғабдуллин музейінің қызметкерлерінің өткізген іс-шаралары өскелең жас ұрпаққа тарих беттерін парақтағандай болды.

Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры – Мырзабек Құдайберді Рахымбекұлы ұлы Отан соғысының ардагерлері  Рақымжан Қошқарбаев, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигельдинов, Сағдат Нұрмағанбетов тағы басқа ардагерлер жайлы біраз деректер айтты. Олардың жасаған ерліктерінен  қызықты мәліметтер берді.

Музей қызметкерлері Балтабаев Абзал Азаматұлы «Достықтың мәңгі жыршысы» тақырыбында М.Ғабдуллиннің «Менің майдандас достарым» атты кітабындағы  кейіпкерлердің қаһармандық бейнесі жайлы сонымен қатар Жүзжанова Серікжан Құдайбергенқызы «Славный сын казахского народа» деген тақырыптарда дәріс-сабақтар өткізді Музейдің аға ғылыми қызметкері Махметова Аягөз Мұратқызы Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін «Ғажайып өмір баспалдақтары» атты жылжымалы көрмемен таныстырды Іс-шараға ауыл ақсақалы Ерден Абайұлы қатысып, жергілікті жердің тарихы, белгілі тұлғалары туралы, Р.Қошқарбаевтың өмірі, ерліктері, жеңістері туралы тарихи деректерді айтып берді.

Ауылымыздың ақсақалдар кеңесінің төрағасы Омаров Мұхтар Қазкенұлы 2007 жылы ауылға Рақымжан Қошқарбаев атының берілуі туралы деректерді айтып берді.

Отанын сүю, аялау, қорғау, Отан үшін көрсеткен үлкен ерліктерін көпшілікке аян еткен әңгіме мектеп оқушыларының Р.Қошқарбаевтың өмірі мен ерлігіне арналған «Мәңгілік тағзым ерлікке!» атты концертке ұласты.

Концертте ерлік, елдік туралы бірыңғай патриоттық әндер орындалып, өлеңдер оқылып, Р.Қошқарбаевтың ерліктері насихатталып, оқушыларға үлгі етілді. Әсіресе басқа ұлт оқушыларының мемлекеттік тілде сөйлеп, ән айтып, өлең оқығандары облыстық қонақтарды таң қалдырды.

Құдайберді Рахымбекұлы Ғылыми экспедицияға қолдау көрсетіп, іс-шараның өтуіне мектеп ұжымын жұмылдыра ұйымдастырған №43 орта мектеп директоры - Сагинаев Амангелді Теміркенұлына үлкен ризашылығын  білдірді.

Музей директоры мектеп қорына «Ақын халықтың батыр ұлы» атты кітап пен «Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері – М.Ғабдуллин» күнтізбесін тарту етті.

Жас ұрпақты Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкендерді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға-апаларымыздың рухына бас июге, адамгершілікке  тәрбиелеу мақсатындағы іс-шара  оқушылардың патриоттық сезімдерін нығайта түсті.

 

   

Ақмола блысы

Целиноград ауданы

Р.Қошқарбаев ауылы

№ 43 орта мектебі

 

Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары –

Ж.Н.Елеукенова

Просмотров: 413

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст